24.kz дерек көзінен
24.kz дерек көзінен
3 жыл бұрын 813
Пластик бөтелкені сыртқа шығаруға тыйым салынуы тиіс

«Қазақстан қаптамашылар қауымдастының» төрағасы Батырбек Әубәкіров осылай дейді. Мамандар бұл бағытта зерттеу жүргізіп, кейін оны тиісті органдарға ұсынбақ. Айтуларынша, Қазақстанда пластик бөтелкелердің 5 проценті ғана өңделеді. Ал қолда бар шикізат бұдан еселеп көп. Былтыр елімізде 2,3 млрд литр сусын, минералды су, шырын және күнбағыс майы пластик бөтелкеде шығарылған. Бұдан бөлек, жыл сайын 1 жарым млрд дана пластик бөтелке елімізге шеттен келеді. Бірақ, оларды отандық зауыттарға сататындар аз. Басты себеп – баға төмен. Есесіне қалта қамын ойлап, Ресей, Өзбекстан асырып жатыр. Сондықтан пластик бөтелкелерді сыртқа шығаруға тыйым салу, көлеңкелі бизнестің жолын кеседі. Әрі зауыттарды қажет шикізатпен қамтуға мүмкіндік туар еді, дейді сарапшы.

Филиппинде пластиктен үй тұрғызуға болады

Мамандар «біз осылайша мұхитты ластанудан қорғаймыз» дейді. Өйткені, көшеге тасталған пластиктің шамамен 80 проценті Азиядағы өзендер арқылы мұхитқа жайылады. Оның 30 проценті Филиппинге тиесілі екен. Қоқысқа қатысты жағдай пандемия кезінде тіптен ушыға түскен. Пластикке енді бетперде мен резеңке қолғаптар қосылған. Ал Филиппиндік компания соңғы 2 жылдың ішінде 100 тонна пластикті қайта өңдеп шығарған.

Эллисон Тан, компания қызметкері:

– Адамдар пластик пен полиэтиленді қалай өңдеу және қайда апару керектігін білмейді. Сондықтан біз қалдықтарды қабылдап аламыз. Әйтпесе бұлар мұхиттарды ластайды.

Филиппинде пластиктен үй тұрғызуға болады

0 пікір
Мұрағат