Айдан су табылды
Айдан су табылды
7 жыл бұрын 3383 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Планетологтардың халықаралық қауымдастығы Айда судың барын мәлімдеді. Аталмыш тақырыптағы зерттеу нәтижесі Nature Geoscience мерзімді басылымында жарияланды. АҚШ-тың Браун университетінің ғалымдары үнділердің Chandrayaan-1 ай спутнигінен алынған деректерді зерделеген. Спектралды талдау жүргізілген. Нәтижесінде біз сөз етіп отырған жер серігінің, яғни, аспан денесінің ежелгі жанартау қыртысының химиялық құрамы анықталып, судың мол қоры барына көз жеткізген. Жанартау қыртысының шамамен 0,05 пайызы (массамен алғанда) судан тұратыны белгілі болды. Мамандар алдағы уақытта бұл суды айды зерттеу барысында ғылыми мақсатта да, қажеттілік үшін де пайдаланылуы мүмкін екенін жеткізді. Десе де ғалымдар ғалымдар Айда судың қалай пайда болғанын айты бере алмай отыр. 

0 пікір
Мұрағат