Адамдардың ой еңбегінен неге шаршайтыны белгілі болды
Адамдардың ой еңбегінен неге шаршайтыны белгілі болды
2 жыл бұрын 925 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Париж мегаполисіндегі Ми институтының ғалымдары толық жұмыс күні конгнитивті тапсырманы шешуі тиіс тәжірибеге қатысушылар арқылы тосын тұжырымға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Current Biology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біріншісіне жеңіл мысалдар ұсынылды, екінші топқа елеулі ерік-жігерді қажет ететін тапсырма берілген. Бұл тараптағы тәжірие барысында ғалымдар шаршаудың сыртқы белгілерін бақылап, ЯМР спектроскопиясы арқылы миды бақылаған. Уақыт өте келе екінші топта шаршау белгілері байқала бастады, ал МРТ мидың префронтальды қыртысының бүйір аймақтарында глутамин қышқылының жинақталғанын көрсетті. Глутамат орталық жүйке жүйесінің негізгі қоздырғыш нейротрансмиттері болып табылады және алынған мәліметтерге сүйенсек, қарқынды жаттығулар кезінде оны жоюға уақыт табылмайды. Заттың жоғары концентрациясы жүйке жасушаларын улап, синапстардың жұмысын қиындатады. Зерттеу авторларының пайымдауынша, дәл осы фактор мидың күшті психикалық стресстен аулақ болуына және шаршау арқылы оның демалып, қалпына келу уақыты келгенде сигнал береді.

0 пікір
Мұрағат