Смартфонды алмастыратын проектор көрсетілді (видео)
Смартфонды алмастыратын проектор көрсетілді (видео)
1 ай бұрын 1223 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бүгінде жаппай пайдаланылып жүрген смартфонды таяу болашақта алмастыратын немесе оның орнын басатын проектор Барселона қаласында өткен MWC 2024 көрмесінде жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы Hi-Tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Humane AI Pin смарт-проекторын басқару әдісі таспаға тартылды: мәзір мен парақшаларды парақтау үшін бас бармақ пен балаң үйректі, яғни, саусақтарды бүгін-жазса, жетіп жатыр. Humane AI Pin - өте құпия гаджет: иесінің алақанында орналасқан барлық ақпаратты қасындағы адамдар мүлдем көрмейді. Өкінішке орай, гаджет түрлі түсті кескінді көрсете алмайды - тек жасыл түсті болады.

  • Humane AI Pin ерекшеліктері немесе артықшылықтары:
  • Смартфонға тән барлық функция орындалады;
  • 4 ГБ жедел жады және 32 ГБ ROM жады бар Qualcomm Snapdragon чипімен жұмыс істейді;
  • 13 мегапикселді камерамен жабдықталған;
  • LTE және 3G дауыстық қоңыраулар, Wi-Fi (802.11ac), Bluetooth 5.1 және GPS/GLONASS қолдауыне ие;
  • Өлшемдері - 47,50 x 44,50 x 14,98 мм, ал салмағы - 34,2 грамм.
0 пікір
Мұрағат