Құранды не істерін білмей бастары қатты (фото)
Құранды не істерін білмей бастары қатты (фото)
8 жыл бұрын 3757

Пәкістанның оңтүстік-шығысында орын тепкен Кветта қаласының маңындағы таудың түкпірінде асыл қазына жасырулы жатыр, яғни, қасиетті Құран кітаптары сықай толған жерасты туннелінің желісі бар. Бұл жайында «MalayMailOnline» ақпарат көзі хабар таратты. «Жәбалә-Нұр» (біздіңше – «Нұр тауы») деп аталатын таудағы туннелдер шытырманын екі ағайында жігіт қасиетті Құранның көне даналары толған қоймаға айналдырғалы  бері мұнда жүздеген мың мұсылман келіп кетті. Мұндағы мұсылмандардың қасиетті кітабының кейбіреуіне 600 жыл толған. Сарапшылардың пікірі осындай. «Біз мұнда қап-қабымен бес миллионнан аса көне Құран кітаптарын әкелдік. Тіпті сыймай, олардың біразы сыртта қалып қойды. Оларға орын тауып беруге тырысқанымызбен, әзірге бұл қиынға соғып тұр»,- деді «Нұр тауының» әкімшісі, қажы Мұзаффар Әлі. Оның шырылдайтын жөні бар. Өйткені, Пәкістанда қасиетті Құранға немқұрайды қарағандарға қолданылатын жаза қатаң. Ол ол ма, өлім жазасына да кесілуі мүмкін. Дін қайраткерлері бұл тығырықтан шығудың екі жолын көрсеткендей болды: біріншісі, қасиетті кітаптарды матаға ұқыптап орап, көміп тастау, екіншісі, жазулары шайылып кеткенше ағып жатқан суға салып қою. Ал 77 жастағы пәкістандық бизнесмен Әбдісамат Лехри өзгеше ой тастады. Ол қасиетті Құранды қайта қалпына келтіруді ұсынды. Алайда, оның бұл ұсынысына жұртшылық наразылық білдіріп, бірнеше рет көшеге шықты. Олардың айтуынша, мұндай қадам күнәлі іске жатады. Пәкістанның ғұламалар кеңесінің төрағасы Тахир Меһмұд Әшрафи Құранды қайта қалпына келтіру үшін Құранды пайдаланудың еш ағаттығы жоғын жеткізді. Оның үстіне, бұл елде Құранның жыртылған беттерін қайта қалпына келтіретін кәсіпорын заң жүзінде жұмыс істеп жатыр. Әзірге бұл тарапта қандай да бір тоқтамға келіп, нақты шешім қабылдаған жоқ. 

Экспозиция особо ценных, старинных Коранов.

Подземные тоннели с мешками Коранов.

0 пікір
Мұрағат