Қазақ қызына үйленген шетелдік азаматқа салық салу қажет пе
Қазақ қызына үйленген шетелдік азаматқа салық салу қажет пе
5 жыл бұрын 3349 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан тақырыптардың біріне айналған бұл мәселе қоғамның назарын өзіне аударуда. Әсіресе, қазақ тілді ортада. Бөле-жарғанымыз емес, ұлт болашағын ойлаған азаматтардың өз айтары бар екен.

Елге елге белгілі адвокат Абзал Құспан тілі де, ділі де басқа өзге біреудің етегінен ұстап, жат жұртқа ұзатылып кетіп жатқан қазақ қыздарының тағдарына алаңдаушылық білдіріп, мұндай тенденцияны барынша азайту үшін қазақ қызын алған шетелдікке салық салу турасында ұсыныс білдірген. Ұлттың өзгешелігі мен бірегейлігін сақтаудың қамынан осындай бастама көтеріп отыр. Бұл жайында Zakon.kz ақпарат көзі Евразия бірінші арнасына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Қазақ қызына үйленгісі келетін шетелдік азамат алдымен мемлекет қазынасына қаржысын құюы керек. Оның бұл бастамасы әлеуметтік желіде қызу пікір-талас тудыруда. «Ұлт болашағына бас қатырмайды. Бұл жайында төңірегіндегілерге айтсаң, «біз өзге ұлттардың ар-намысына тиген боламыз, оның арты жақсылыққа соқпайды. Қазір уақыт басқа. Қыз кімді қалайды, сонымен бірге болады» деп жауап қайырады. Осылайша ұлт болашағына немқұрайды қарайды. Мұны біз айтпағанда, кім айтады? Шешімін күткен мәселе шаш-етектен»,- деді заңгер сөз арасында. Ол осылай дей келе білімі жоғары қазақ қыздарының көп екенін алға тартып, қазақ қыздарының шетелдікке тұрмысқа шығуы тек демографиялық көрсеткішке кері әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен қатар, ел экономикасына да елеулі шығын келетінін тілге тиек етті. Статистикалық мәліметке сай 2017 жылы мыңнан аса қазақ қызы Қытай, Ресей және түрік азамттарына тұрмысқа шыққан. Егер шетелдік күйеуге салынатын салық мөлшері 10 мың доллар болса, мемлекет он млн доллар "қалыңмалдан" қағылып отыр. Абзал Құспан осындай дерек келтірді. 

Сіздер бұған не дейсіздер, құрметті оқырман?

0 пікір
Мұрағат