Пайғамбарымыздың (с.а.с.) есімі мұсылман емес елде көш бастады
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) есімі мұсылман емес елде көш бастады
6 жыл бұрын 5569 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Австрия астанасы – Вена қаласында Мұхаммед есімі ең танымал ныспыға айналды. Дәлірегі, танымалдылығы бойынша алғашқы үштікті тұйықтады. Бұл жайында Kronen Zeitung мерзімді басылым хабар таратты. «Бұл ресми расталып отыр: 2017 жылы ұл балалар арасында ең жиі қойылған есімдер — Александр және Максимилиан, ал мұсылманша Мұхаммед есімі үшінші орыннан көрінді», - деді қалалық №23 департаментінің өкілі. Айта кетейік, Мұхамед есімінің барлық нұсқасы қаперге алынғандығы айтылған: Мухаммет, Мохамад, Мухаммад және Мухаммед. Аталған ақпарат көзі нақты деректер келтірген екен. 2017 жылы Вена қаласында 175 шаранаға Александр, 161-не Максимилиан және 159-на Мұхаммед есімдері қойылған. Сондай-ақ, бестік құрамында Дәуіт, яғни, Давид (151) және Филип (137) бар. Ал қыз балалар арасында София (183), Сара (173) және Анна (142) есімдері жиі қойылған.

0 пікір
Мұрағат