Төрегелді Шарманов көрші елдің сүтін неліктен алмау керектігін айтты
Төрегелді Шарманов көрші елдің сүтін неліктен алмау керектігін айтты
7 жыл бұрын 4878 inform.kz Руслан Ғаббасов

«Қазақ тамақтану академиясы ҚБ» ЖШС президенті Төрегелді Шарманов сиыр сүтінен неліктен тартыну керектігін айтты.

«Бие сүтінен айран, йогурт, балмұздақ жасай аламыз және бұл өнім пайдалы, себебі, олардың құрамында трансмай қышқылдары жоқ. Жылқы сүтінің ерекше қасиетіне тоқталсақ, жалпы онда трансмайлары болмайды. Сиырдың сүтінің өзінің құрамында табиғи трансмай қышқылы бар, оның денсаулыққа келтіретін зияны зерттелген. Сондықтан, бие сүтінің табиғи тәттілігінің арқасында түрлі өнімдерді шығаруға мүмкіндік мол»,-деді Шарманов «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде асқындап тұрған аурулардың бірі  - ол диабет, қан қысымы дерттері. Осы ретте бірқатар аурулардың туындауына трансмай қышқылының әсері бар көрінеді. «Сүтті біз күнделікті пайдаланамыз. Сонымен қатар, атап өтер тағы бір жайт, бүгінде сиыр сүті таза емес. Мәселен, ресейлік сүт өнімдері алдамшы тағамдар және мұны Ресей тарапының мамандары өздері де мойындап отыр. Сондықтан, бұл бүгінде денсаулыққа қауіп төндіріп тұрғаны анық. Осы орайда халыққа тек таза өнімдерді ұсыну алда тұрған үлкен міндет»,-деді Т. Шарманов.

Айта кетейік, Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы  Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік,  қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін «Қазақ тамақтану академиясы ҚБ» ЖШС президенті Төрегелді Шармановқа тапсырған болатын. 

0 пікір
Мұрағат