Бас прокурорға қол астындағылары қысым көрсеткен
Бас прокурорға қол астындағылары қысым көрсеткен
7 жыл бұрын 2521 Baq.kz КТК

Еліміздің бас прокуроры өзіне қысым көрсетіліп жатқанын айтып, тосын мәлімдеме жасады. Бір қызығы, оған мінез көрсетіп жүрген саясаттағы ықпалды шенеунік емес, қарамағындағы 2 бірдей облыстың прокуроры екен. Ашуға мінген Асанов олардың сазайын беретінін бүгін көптің көзінше айтты. 

«Облыстық екі прокурор мазасын алмауым үшін қысым көрсеткісі келді. Мұны әзілсіз айтып отырмын. Олардың басында проблема болады. Мұндайды қою керек», - дейді ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов.

Бірақ, Асанов өзіне қай облыстың прокурорлары қысым көрсеткенін ашып айтқан жоқ. Тіпті, қарамағындағыларына тиісе бермеуін өтінген ортадағы лауазымды саясаткердің атын да атамады. Тек тамыр-таныстарына сеніп, басшыларына бағынбағандарды үлкен проблема күтіп тұрғанын қатаң ескертті. Осыған қарағанда, жаппай кадрлық тазарту жүргізіп жатқан Асановтың бастамалары қол астындағыларға жақпайтын секілді. Ал бұған дейін бас прокурор Қарағанды облысының прокурорын қызметтен қуған болатын. Қазір былыққа батқан Ақмола облысымен айналысып жатыр екен. Сондықтан, тәртіпті қалайтын Асановқа қоқан-лоққы жасаушылардың қатары тағы артуы мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат