Қандай амал қолданса да оңайлықпен ұйықтай алмайтын адамдар үшін мамандар мына әдісті қолдануға кеңес берді..
60 секунд ішінде ұйықтауға себеп болатын бұл әдісті 4-7-8 әдісі деп те атайды екен. Америкалық ғалым Эндрю Уэйл бұл әдістің “anxiety” деп аталатын психологиялық үрейлену ауруын емдеуге де үлесі болатынын мәлімдеді.
Бұл әдіс былай орындалады: 4 секунд бойы мұрныңызбен терең дем алыңыз. Одан кейін алған деміңізді 7 секунд бойы ұстап тұрыңыз. Одан соң ұстап ұрған деміңізді 8 секунд бойы ақырын шығарыңыз.
Осы әдісті үш-төрт рет қайталаңыз. Бұл әдіс орындалғанда өкпе көбірек оттегіге толып, парасимпатикалық жүйке жүйесі жеңілдейді. Осы арқылы ұйқы шақырып, тәтті ұйқыға батасыз.