Өзгеше қаруды көшіріп алу мүмкін бе немесе оның дәл сондай баламасын жасау мүмкін бе
Өзгеше қаруды көшіріп алу мүмкін бе немесе оның дәл сондай баламасын жасау мүмкін бе
5 жыл бұрын 3112 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, Солтүстік Атлант альянсы құрамындағы Түркияның Ресейден әлемде теңдесі жоқ С-400 зениттік щымыран кешенін сатып алатыны және оны қандай мақсатта сатып алатыны, т.б. турасында кезінде кеңіненхабардар еткенбіз. Жалғыз Түркия емес, Үндістан, Қытай, Саудия, т.б әлемнің 13 мемлекеті орыстардың аталмыш зымыран жүйесін сатып алуға мүдделілік танытып отырғанын айта кету керек. Десе де Түркияның бұл қаһарлы қаруды сатып алатыны турасындағы хабар батыс елдерінің шамына тигенін де айтып өткенбіз. НАТО құрамында бола тұрып, Ресеймен мұндай мәміле жасасқаны батыс елдерінің сынына ұшырап, тіпті, санкция салуға дейін баратындарын айтып, доқ көрсеткенін де жазғанбыз. Бұдан бөлек, әлеуметтік желіде Түркия аталмыш қаруды сатып алған соң НАТО құрамындағы одақтастарына оны жан-жақты зерделеуге беретіні жөнінде қауесет тараған еді. Әлбетте, НАТО бұл қарудың құрылымын білуге мүдделі. Десе де Ресей С-400-ді көшіруден сақтаудың жолдарын алдын ала қарастырып, қамданып қойған болатын. Ашық дерек көздерінен білгеніміздей, оны көшіруден қалай қорғайтыны жөніндегі ақпараттарды ортаға салмақпыз. Ең алдымен шетелде аталмыш қаруды қорғау - заңмен қорғау. Аталмыш қаруды сатып алғысы келетін тарап мәміле жасасқан кезде оған қатаң талаптар қойылады. Яғни, құжат жүзінде сатып алушы жақ қаруды бөлшектеп бұзып, оның конструкциясын білуге талпыныс жасамайтыны турасында міндетті өз мойнына алады. Немесе оны бұзып, өзгерістер енгізуге құқылы болмайды. Аталмыш қаруға техникалық қызмет көрсету ресейлік мамандардың мойнында болады. Сондай-ақ, сатып алушы тарапқа аталмыш қарудың қалай құрастырылғанын баяндайтын құжаттар берілмейді. келісім-шарт бойынша сатып алған жақ мәміледе қарастырылған талапты бұзатын болса, Ресей тарапы оны сатып алуға жұмсалған қаржысын қайтармастан қайтарып алуға құқылы. Я болмаса аталмыш жүйені істен шығаруға құқылы. Бұл жайында РФ президентінің әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерімен шұғылданатын кеңесшісі Владимир Кожин мәлім етті. Ал орыстар осынау зениттік зымыран кешенін "ақтарып" көргісі келгендердің қарақшылық әрекетін қалай біле алады деген сауалға келсек, С-400-ге орналастырылған қорғаныс сигналдарынан біле алады. Дәлірегі, алдымен пломбының бұзылғанынан біле алады. Сонымен қатар, бірнеше датчик орналастырылған. Мәселен, микросхемалы блокты ашу кезінде іске қосылады. Яғни, спутниктік әскери байланыс арнасы арқылы дер кезінде біле алады. Бұл жайында РФ-ның қорғаныс жөніндегі мемлекеттік дума комитетінің жетекшісі Владимир Шаманов мәлім етті. Аталмыш қару бірнеше сенімді қорғаныс жүйесінен тұрады. Ішкі қорғаныс жүйесін айтуға болады. Айталық, аталмыш кешенді ешқандай спутникпен байланысқа жол бермейтін үңгірде де ашып көре алмайды. Ең маңыздысы - С-400 жүйесінің жұмыс істеу алгоритімінде жатыр. Бұл тек беткі жағы ғана....

0 пікір
Мұрағат