Неліктен жазбадағы өз дауысымыз өзімізге ұнамайды?
Неліктен жазбадағы өз дауысымыз өзімізге ұнамайды?
8 жыл бұрын 5405 asylsoz.kz

Кейде аудио, видеожазбалардағы дауысымыз өзімізге ұнамай жатады. Оның себебі де анықталды:

Ең алдымен дыбыс – толқындар сериясы екенін түсініп алған жөн. Ол вибрация, яғни дыбыс ортаңғы құлақтың сүйегінен өтіп, құлақтың құрышына барады, содан соң неврологиялық сигнал ретінде миымызға жетеді.

Толқындардың құлағымызға жетуінің 2 тәсілі бар:

  • ауа арқылы. Бұлайша біз сыртқы дыбыстарды естиміз – у-шу, музыка, өзгелердің дауысын және жазбадағы өз дауысымызды.
  • Сүйектер арқылы. Бұлай біз тек ішкі дауысымызды естиміз.

Осылайша, өз дауысымызды ауа арқылы және сүйектер арқылы берілетін дыбыстардың қоспасы ретінде естиміз. Оны тек сіз ғана ести аласыз. Жазбадағы өз дауысыңыздың сүйектер арқылы берілетін дыбыстары сізге жетпейді де, тек ауа арқылы, өзіңізге «таныс емес» дауысты естисіз. Мұнда миыңыз сізбен ойын ойнағандай: ішкі дауысыңыз әрдайым өзіңізге ұнайды, өзіңіз қалағандай шығады, соған дағдыланып қалғансыз. Ал оны жазбадан естігенде тіптен басқаша шығып жатқандай болады, ішіңіздегі «әдемі» дауысыңызды ести алмағандай боласыз. Осы айырмашылық сізге ұнамайды.

0 пікір
Мұрағат