Нейрокомпьютер интерфейсіне арналған ми чипі жасалды
Нейрокомпьютер интерфейсіне арналған ми чипі жасалды
2 ай бұрын 466 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: David Baillot / UC San Diego Jacobs School of Engineering

Сан-Диегодағы Калифорния университетінің ғалымдары жасаған жаңа нейрондық чип мидың беткі жағында болса да терең қатпарындағы сигналдарды аулай алады. Жаңа имплант нейрокомпьютер интерфейсін жасауда пайдаланылуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Nanotechnology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Чип диаметрі шамамен 20 микрометр графен микроэлектродтарының тығыз торымен толтырылған жұқа, мөлдір және икемді полимерден жасалған. Мидың беткі жағына орналастырылған кезде имплант сыртқы қабаттарда орналасқан нейрондардан келетін электрлік сигналдарды жазып алды. Екі фотонды лазерлік микроскоппен біріктірілген чип, сонымен қатар, 250 микрометр тереңдікте орналасқан жүйке жасушаларындағы кальций арналарының белсенділігін визуализациялауға (көруге) мүмкіндік берді. Кәдімгі импланттарда электрод пен сым ретінде мөлдір емес метал материал пайдаланылады. Ал бұл жайт электрод астындағы нейрондарды көруге, яғни, визализациялауға кедергі келтіреді. Керісінше, негізі графеннен тұратын чип мөлдір келетіндіктен микроскоп үшін жақсы көру өрісін қамтамасыз етеді.

0 пікір
Мұрағат