Миға жиналған микропластиктің қандай қауіп төндіретіні айтылды
Миға жиналған микропластиктің қандай қауіп төндіретіні айтылды
8 ай бұрын 824 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Род-Айленд университетінің ғалымдары миға микропластиктің жиналуының қандай қауіп төндіретінін зерттеп көрді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу нәтижесі жарияланған International Journal of Molecular Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Егер миға пластиктің титтей бөлшегі енсе, егде адамдардың организмі мен мінез-құлқында ауытқу орын алады. Қоршаған ортаның негізгі ластаушысы – пластиктің жұрнақтары микропластик түрінде су мен ауа, ас-ауқат арқылы адам организіміне енеді. Бұдан бөлек, микропластик тек адамның ғана емес, сонымен қатар, жануарлардың және өсімдіктердің, әсіресе, сүтқоректілердің тінінен табылып жатыр. Бұл тарапта арнайы тәжірибе жүргізген аталған жоғарғы оқу орнының ғалымдары микропластик миына көптеп жиналған кеміргіштердің алжу ауруына шалдыққандай күй кешетінін немесе халде болатынын анықтап білді. Әдетте мидың қорғаныш қабатынан – гематоэнцефалды қабатынан вирустар мен бактериялар өте алмайды, алайда, микропластиктің бұл тосқауылды да еңсере алатыны расталды. Ғалымдар енді микропластиктің нейродегенеретивті аурулардың, соның ішінде Альцгеймердің пайда болуына ықпалы бар-жоғын зерттеп көрмек. Микропластиктің қанға өтіп, уақыт өте келе қабыну тудыратыны да расталып отыр. Ал ішекке түскен микропластиктен ас қорыту қызметі бұзылады.

Ұқсас материалдар:

«Зерттеу: микропластик ми жасушаларында қабыну тудырады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/zertteu-mikroplastik-mi-jasushalarynda-qabynu-tudyrady-19059/#gsc.tab=0);

«Ота жасалған адамдардың жүрегінен микропластик табылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/ota-jasalgan-adamdardyn-jureginen-mikroplastik-tabyldy-19032/#gsc.tab=0);

«Зерттеу: микротолқынды пештегі пластик млрд нанобөлшек бөледі» (https://islam.kz/kk/news/arturli/zertteu-mikrotolqyndy-peshtegi-plastik-mlrd-nanobolshek-boledi-19012/#gsc.tab=0);

«Адам әр сағат сайын микропластиктің 16 тозаңын жұтады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adam-ar-sagat-saiyn-mikroplastiktin-16-tozanyn-jutady-18765/#gsc.tab=0);

"Тағам қапталған пластик бөлшегі екі сағаттан соң тамақтанған тышқанның миынан табылды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/tagam-qaptalgan-plastik-bolshegi-eki-sagattan-son-tamaqtangan-tyshqannyn-miynan-tabyldy-18508/#gsc.tab=0);

«Микропластик адам жасушасының жауына айналуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-adam-jasushasynyn-jauyna-ainaluy-mumkin-17393/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-adam-jasushasynyn-jauyna-ainaluy-mumkin-17393/#gsc.tab=0);

«Адам өкпесінен алғаш рет микропластик табылды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/adam-okpesinen-algash-ret-mikroplastik-tabyldy-16855/#gsc.tab=0);

«Адам қанынан алғаш рет микропластик табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adam-qanynan-algash-ret-mikroplastik-tabyldy-16554/#gsc.tab=0);

«Микропластик миға да енуі мүмкін – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastik-miga-da-enui-mumkin-zertteu-16096/#gsc.tab=0);

"Адам аптасына орта есеппен 5 грамм пластик жейді – зерттеу" (https://islam.kz/kk/news/arturli/adam-aptasyna-orta-eseppen-5-gramm-plastik-jeidi-zertteu-16854/#gsc.tab=0);

«Біз тұтынып жүрген азық-түлікке микропластиктің қалай енетінін білгіңіз келе ме» (https://islam.kz/kk/news/gylym/biz-tutynyp-jurgen-azyq-tulikke-mikroplastiktin-qalai-enetinin-bilginiz-kele-me-13863/#gsc.tab=0);

«Микропластиктен аса қауіпті бактерия табылып жатыр" (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastikten-asa-qauipti-bakteriya-tabylyp-jatyr-15524/#gsc.tab=0);

«Микропластик супер бактерияларға қалай көмектеседі?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-super-bakteriyalarga-qalai-komektesedi-15210/#gsc.tab=0);

«Микропластик бактерияның төзімділігін 30 есе арттырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-bakteriyanyn-tozimdiligin-30-ese-arttyrady-15015/#gsc.tab=0);

«Өсімдік көмегімен судағы микропластикті жоюдың әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdik-komegimen-sudagy-mikroplastikti-joyudyn-adisi-tabyldy-16567/#gsc.tab=0);

«Әлемді микропластиктен ағаштың бір түрімен тазартуға болады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/alemdi-mikroplastikten-agashtyn-bir-turimen-tazartuga-bolady-16454/#gsc.tab=0);

"Микропластиктің далаға қарағанда үйде шоғырлану деңгейі жоғары болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastiktin-dalaga-qaraganda-uide-shogyrlanu-dengeii-jogary-bolyp-shyqty-15375/#gsc.tab=0);

«Микропластик адам организімінен де табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastik-adam-organiziminen-de-tabyldy-14000/#gsc.tab=0);

«Топырақта тіршілік ететін организмдерге микропластиктің әсері» (https://islam.kz/kk/news/gylym/topyraqta-tirshilik-etetin-organizmderge-mikroplastiktin-aseri-14080/#gsc.tab=0);

«Қоршаған ортада ұзағырақ жатып қалған микропластиктің қандай қауіп төндіретіні айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qorshagan-ortada-uzagyraq-jatyp-qalgan-mikroplastiktin-qandai-qauip-tondiretini-aityldy-14521/#gsc.tab=0);

"Микропластикке арналған сүзгі жасалды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastikke-arnalgan-suzgi-jasaldy-16775/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат