Топырақта тіршілік ететін организмдерге микропластиктің әсері
Топырақта тіршілік ететін организмдерге микропластиктің әсері
4 жыл бұрын 4299 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Халықаралық ғалымдар тобы топыраққа енген микропластик топырақтың құнарлығын сақтауда маңызды рөл атқаратын құрттар мен микроартроподтың азаюына апарып соқтырмақ. Микроартроподы — органикалық заттарды деструкциялауда белсенді әрекет ететін  топырақтағы омыртқасыз тіршілік иесі екенін айта кетеміз осы орайда. Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі Proceedings of the Royal Society B мерзімді басылымында жарияланды. Қоршаған ортаны ластаушылар қатарында негізгі ластаушылардың бірінен саналатын микропластик тек топырақ құрамынан ғана емес, сонымен қатар, өсімдіктерден, теңіз бен мұхит суларынан, жануарлардың бойынан да табылып жатыр. Микропластик теңіздегі тіршілік иелерінің өсіп-өнуін шектеп қоймай, сонымен бірге, олардың тіршілік ету әдеттерін өзгертіп, жыртқыштарға оңай жем болуда. Құрлықта тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктерді азық ретінде тұтынатын адам денсаулығына қатер төндіріп отыр. Ғалымдар микропластикті эндемикалық организмдерді қамтыған таза топырақпен араластырып көрген екен. Эндемики — қандай да бір флора мен фаунаның өзіндік ерекшелігі бар ажырағысыз құрамы болып табылады. Эндемикке тіршілік ету аймағы географиялық тұрғыдан шектеулі, яғни, салыстырмалы түрде шектеулі ареалда тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер түріне, тобына немесе өзге де таксонына жатады. Топыраққа микропластик енгізгеннен кейін құрттар мен микроартропод популяциясы азайғанына көз жеткізген. Десе де топырақ құрамындағы бактерияларға әсер етпеген. Осылайша микропластиктің топырақ құрамындағы көміртек пен өзге де қоректік заттардың айналымына кері әсерін тигізгеніне де көз жеткізген.

0 пікір
Мұрағат