Мамырдың 26-нан 27-не қараған түні аспанда екі ай көрінеді
Мамырдың 26-нан 27-не қараған түні аспанда екі ай көрінеді
8 жыл бұрын 8158

WhatssАpp желісінде 26 мамырдан 27-не қараған түні аспанда екі айдың көрінетіні туралы хабар тарап жатыр. Бұл туралы “Alashainasy.kz» порталы «egemen.kz» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. 

Соңғы кезде айдың екі-үшеулеп көрінуі жиі болып жүр. 2012 жылы 27 тамыз күні де адамдарға екі ай көрінген. Сол күні сағат 00.30 минут өткенде Марс планетасы Жерден 34,65 мың миль қашықтықтан өтеді. Куәгерлердің айтуынша, аспанда екі ай тұрады. Бірақ, оның біреуі Марс планетасы, екіншісі Ай болатын. Келесі жолы Марс Жерге 2287 жылы осылай жақын өтеді екен.

2011 жылы екі емес, тіпті үш ай көрінген. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Ержан Байтілес «Күн біреу. Ал ай ше?» мақаласында жазған.

Жалпы, аспанда екі айдың, үш айдың көрінуі Күннің төңірегінде болатын орбитамен байланысты делінеді. Орбита латыннан аударғанда із, жол деген мағынаны білдіреді. «Күнге ең жақын орналасқан Меркурий, одан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең қашықтығы Плутон планетасы. Олардың өлшемі де түрліше – жерден үлкен, кішісі, сонымен шамаластары бар.

Планета – өзінен жарық шығармайтын салқын дене. Дегенмен, түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап, көрінеді. Олай көрінетін себебі: планетаның бетіне күннен түскен сәуленің шағылысуына байланысты екен. Планета – «кезбе жұлдыз» деген мағынаны беретін грек сөзі.

0 пікір
Мұрағат