Кептеліс болдырмайтын автобус (видео)
Кептеліс болдырмайтын автобус (видео)
8 жыл бұрын 2919 24.kz CCTV Г.Абилова

Қытайлар көлік кептелісінің мәселесін шешуге таяп қалды. Себебі, мұнда жолда екі қатарда келе жатқан көліктердің үстімен емін-еркін жүріп өтетін автобус жуырда қолданысқа берілмек. Жалпы, бұл автобус порталды кранға ұқсап құрастырылды. Автобустың қос бүйірінде тіреуіштері бар және ол көлік жолдарының шетіндегі арнайы рельстермен жүреді. Осы кезде автобустың корпусы жолдан жоғары тұрып, оның астымен көліктер өте береді. Порталды автобустың астына екі қатар болып бара жатқан көліктер сыйып кетеді. Ерекше жолаушылар көлігінің сыйымдылығы – 1200 адам. Адамдар оған автоматты түрде сыртқа шығарылатын баспалдақпен мініп, салонға кіріп отыра алады.  Автобус сынағы жылдың екінші жартысында басталады.

 

1 пікір
  • Мынауың автобус емес трамвай ғой, одан да эстакадамен жүретін трамвай жақсырақ сияқты
    8 жыл бұрын
Мұрағат