Жол-көлік оқиғасы: тараптар құқы жайында не білеміз?
Жол-көлік оқиғасы: тараптар құқы жайында не білеміз?
7 жыл бұрын 5101

Құқықтық сауаттылық қоғамды алға жетелейді. Кейде күйбең тіршілікте кез­десетін күнделікті тосын әрі қолайсыз жағдайларда өз құқымызды біл­ме­гендіктен, күрмеуі көп күрделі мәселелерге тап болып жатамыз. Өзгеге қа­­рапайым болып көрінетін осындай жайттар өз басымызда орын алған жа­ғ- ­­дайда не істерімізді білмей абдырап қалатынымыз рас. Үлкен мегаполис тұр­ғындары үшін бұл – жиі кездесетін жағдай. Мә­селен, көлігіңізді соғып алдыңыз. Не істейсіз? Алдымен кімге хабарласасыз? Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге қатысты заң талаптары қандай? Осы рет­те қандай шарттар мен заңдылықтарды білгеніңіз жөн. Осы мәселеге қа­тысты кәсіби заңгер Орымбек ТОЙКИН мырзаның құқықтық кеңесіне жү­гінген едік.

Жол-көлік оқиғасына тап бол­ған азамат алдымен не істеуі керек?  

– Егер екі тарап келісіп, шығын со­ма­сы айлық көрсеткіштің 50 есесінен ас­пайтын болса, онда тараптар өзара оқиға орнына байланысты жоба (схемалар) сызып қолдарын қойып, ең жақын жер­дегі полиция мекемесіне апарып бе­реді. Бұл жобаның (схеманың) сызы­лу тәртібі Қазақстан Республикасы Іш­кі істер министрлігінің қалыптасқан нұс­қасы бойынша нормативтік-құ­қық­тық актіге сай өкілетті органның кел­і­сілуімен жүзеге асады. заңның 22-1-ба­бы бойынша бұл жағдай тараптардың жол апаты болып, егер зардап шеккендер мен денсаулығына зақым келгендер болмаса жүзеге асатын әрекеті). Ал жол апатында шығын сомасы артық болса және адамдар жарақат алса немесе тараптар келіспеген жағдайда дереу жол полициясына хабар беріп, олардан келуін тосып, осы жол апаты туралы хаттаманың толтырылуын қадағалап, жол апаты туралы сызылған схеманың ені тараппен де бекітілгенін бақылап, оған қол қойылған соң ғана жол полициясы қызметкерінің рұқсатымен оқиға ор­нынан кете алады. Жол оқиғасының ор­ны туралы хаттаманың көшірмелері рес­ми тіркелгеннен кейін бұл құжаттың бар­лық көшірмелері тараптар (олардың өкіл­деріне) талабы бойынша оларға бе­ріледі. Бұл да тиісті заңның 9-бабында көрсетілген.

Жол сақшылары және сақ­тан­дырушы компанияның өкілдері оқи­ға орнына қанша уақытта келуге тиіс?

– Жол сақшылары жол оқиғасы ту­ралы хабар алынғаннан бастап ІІМ-нің 2013 жылғы 24 мамырдағы №350 бұйрығына негізделген ереже бойынша 30 минут ішінде оқиға орнына келуге тиісті. Ал сақтандырушы компаниялар өкілдерінің жол апаты оқиғасы орнына келуі заңмен қарастырылмаған. Өйткені, жол апаты оқиғасы бойынша бар мәліметтер тіркелген соң, жол апаты тараптарын қауіпсіздендірген компания жол оқиғасы хаттамасы мен схемасы тараптар және жол полициясы жағынан бекітілгеннен кейін, ол жол апатынан болған шығынды өндіруге жеткілікті негіз бола алады. Мұның сыртында, апат туралы қауіпсіздендіру компаниясының қауіпсіздендіру по­лис­ін­де көрсетілген өкіліне хабар берілген бол­са, ол дер уақытта келуге міндетті. 

Көлікті сақтандырушы компания қанша мерзімнің ішінде көлік шығынын өтеуге міндетті. Тағы да қандай заңдық талаптар бар? 

– Ал оқиға орын алысымен хабар берілмесе де тараптар көлік сақ­тан­дырушы компанияға (көліктерін сақ­тан­дырған болса) жол апаты болған оқи­ғаға байланысты керекті қағаздарды алған соң оны көлік қауіпсіздендірілген полис, тараптардың жеке куәліктері, жол апаты жерінің сызылған схемасымен қоса, 3 күннен асырмай тап­сы­ру­ға тиісті. Сақтандырушы компания құ­жаттар тапсырылғаннан бас­тап сақ­тан­­дыру төлемін 7-15 күн ара­лы­ғында өтеп беруге тиіс. 

Қарапайым халықтың негізгі көлігі қалада да, ауылда да автобус. Ав­тобус жүргізушілері жолаушыны кез келген жол бойында тоқтап, жүр­гіншіні түсіріп немесе баратын ба­ғытына алып кетіп жатады. Бұл заңға томпақ келмей ме?

– Бұл жағдайларда автобус жүр­гі­зушілері толығымен жауапты, себебі, ав­тобусқа мінгеннен бастап толық тоқ­та­ғанға дейін, яғни, қауіпсіздік ере­же­ле­рін толығымен сақтау жүргізушіге жүк­телген. Және ол жолаушыларға арналған аялдамаларда ғана тоқтауға міндетті. 

Көлік жүргізуші мен велосипедші не­месе мопед жүргізуші арасында жол-көлiк оқиғасы салдарынан кө­лік жүргізушінің көлiгі нем­есе жү­гі бү­лiнген жағдайларда залалды ве­ло­­сипедшіден немесе мопед жүр­гі­зу­ші­сінен өтеттiруге құқығы бар ма? Мұн­дай жағдайда сотқа жүгіну дұ­рыс па, әлде келісім арқылы шешуге бола ма?

– Әрине, егер залал адам денсау­лы­ғына зардабын тигізетін болса жә­не велосипед, мопед жүргізушісінің кі­нә­сінен жол апатынан көлікке ма­те­риал­дық шығын келсе, мейлі велосипед, мей­лі мопед жүргізушісі болса да, бұл шы­ғындардың мөлшері алдын ала са­рап­шы қорытындысымен анықталып, та­раптардың өзара келісімімен немесе сот арқылы өндіріледі.

Жүргінші жол апатына ұшыра­ған жағ­дайда алғашқы медициналық кө­мек­пен қатар, операция, яғни ота жа­сау, құтқару жұмыстары және т.б. қа­жеттi медициналық көмектi тегiн алу­ға құқы бар ма?

– «Халық ден­саулығы және денсаулық сақтау жүйе­сі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 34-бабында те­гін медициналық көмектің кепілдік бе­ріл­ген көлемі қарастырылған. Ай­та­лық, осы баптың 2-бөлімінде те­гін медициналық көмектер түрі көр­се­тіл­ген. Оған қоса, Денсаулық сақтау ми­нистрінің 2015 жылғы №269 бұй­ры­ғын­да да хирургиялық көмектерге дейін қа­ра­стырылып көрсетілген.

Жол ережесін бұзып, көлік апа­ты­ның туындауына тікелей әсер ет­кен жаяу жүргінші салдарынан бір­неше көлік апатқа ұрынса, жа­яу жүр­гінші зақым келген кө­ліктердің шы­ғынын төлеуге тиіс пе? Мұн­дай жағдайда қандай шара қол­да­нылады? 

– «Жол әрекеті туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабын­да жаяу жүргіншінің құқы мен мін­деттері туралы жазылған. Егер жа­яу жүр­гіншінің салдарынан жол апаты орын алса, қылмыстық, әкімшілік, аза­маттық жауапкершіліктермен жаза­ланып қана қоймай, оның кінәсінен бол­ғандығы дәлелденсе, материалдық шы­ғынды да төлеуге тиіс. Бұған қоса, Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 606, 615-баптарында осы тек­тес әрекеттерге сәйкес әкімшілік жау­апқа тартылатынымен қатар, 5 ай­лық көрсеткіш мөлшерінде ақшалай да айып­пұл салынады.

Әңгімелескен Арман ОКТЯБРЬ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ

0 пікір
Мұрағат