Төбелес алдында міндетті түрде билейтін және биі жеңуге көмектесетін қауіпті жыртқыш (фото+видео)
Төбелес алдында міндетті түрде билейтін және биі жеңуге көмектесетін қауіпті жыртқыш (фото+видео)
4 ай бұрын 577 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Лондонның университет колледжінің және Кембридж оғарғы оқу орнының ғалымдары шақар суырлардың топаралық агрессиясын бақылай отырып, олардың мінез-құлқы зерделеген екен. Біз сөз етіп отырған жануар (Suricata suricatta) – мангустардың жақын туысы болып келетін виверлік топқа жататын ұсақ жыртқыш. Ғалымдар аталмыш жануардың жер бетіндегі ең қауіпті әрі қанқұйлы сүтқоректі екенін анықтаған болатын.  Өзара ішкі зорлық-зомбылықтан өлетіндер қарасы 19,4%-ды құрайды. Яғни, әрбір бесінші шақар суырдың ажалы ұяласынан болады. Олар қауымдасып тірлік ететін тіршілік иесі. Матриархалдық тәртіп үстемдік етеді. Өмір бойы бас ұрғашы басқарады: баспана ететін інді де сол таңдайды, жемтігін аулайтын жерді де сол анықтайды, сондай-ақ, ұрпақ өрбітуді де өзі шешеді. Үйірде өзара тату болады, жемтікті бірге іздейді, інді бірге қазады. Ал өзге үйірдегілерге оң қабақ танытпайды, өз аумағын қызғыштай қорып, өлгенше төбелеседі. Ғалымдар табаны күректей 11 жыл бойы Калахари шөлінде табан аудармай Suricata suricatta тіршілік иесін қадағалаған болатын. Бұл бағытта 10 үйірдің мінез-құлқын зерделеген. Топаралық өзара әрекетінен 422 эпизодты таспаға тартып алған екен. Бұл жайындағы зерттеу нәтижесі Proceedings of the Royal Society мерзімді басылымында жарияланды. Жақтырмаған қарсыласына тап бермесі үшін билей жүріп сабаудай құйрықтарын тік көтеріп, төбелеске сақадай сай екенін көрсетеді. Шақар суырлардың өзара қақтығысы кезінде мынадай мінезін байқаған: 1) Қарсыласын алдымен қақ қақпай қадағалайды; 2) Билей жүріп (түктерін бір мезгілде тікірейтіп, бір мезгілде жатқызатын әрі құйрығын тік көтеретін әрекеті ұрысқа сақадай сай дайын екенін білдіреді) қарсыласының соңына түседі; 3) қарсыластарын өз аумағынан қуғаннан кейін олардың індерін қазады; 4) төбелеседі; 5) Я болмаса қарсыластарын айбат шегіп, төбелеспей тарауы да мүмкін. Нәтижесінде жеңіліп шегінген жақтың аумағы тарылады, ал жеңген жақтың аумағы кеңиді.Кембридждік антрополог Марк Дайблдың сөзіне қарағанда, шөлде тіршілік етуге қолайлы аймақ аз болғандықтан олар қайткен күнде де жеңілмеуге тырысады.

rspb20191993f01.jpg

5602944047_3ebfa2b685_k.jpg

5602946927_f36bc1cee1_k.jpg

5602949779_ca4e6597c4_k.jpg

0 пікір
Мұрағат