Қайтыс болған адамды жерлеуге жер тегін беріледі
Қайтыс болған адамды жерлеуге жер тегін беріледі
3 ай бұрын 572

Қайтыс болған адамды жерлеуге 6 шаршы метр жер тегін беріледі.Бұл жөнінде Алматы облыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев мәлімдеді.Бұл туралы jasqazaq.kz ақпарат көзі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Адамды жерлеу үшін ҚР Жер кодексінің 109 бабының 3 — тармағына сәйкес жалпы жер әрбір ауылдарда, аудандарда алты шаршы метр мөлшерінде тегін беріледі. Мысалы, жер сатылған жағдайда халық 102 номеріне хабарласу керек», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.

Алматы облысында 957 жерлеу орны бар.

Мамандардың сөзінше, тек үшеуінде ғана арнайы бейіт басын қарайтын, күтім жасайтын мамандар бар екен. Ал қалған мола-зираттардың барлығы ашық-шашық қорғаусыз, қоршаусыз жатыр, деп дабыл қағуда.

Қазір мемлекет тарапынан бейіт басын қарауға, күтім жасауға арнайы тендер жариялануда.

Ал «өлімнен кейін жемқорлық» атты брифинг барысында бір ғана Алматы облысында жылына 13 мыңнан аса адамның жерленетіні белгілі болды.

Қабір қазу сынды түрлі жолмен нәпақа тауып жүргендермен мамандар күрес жүргізе ала ма, олардың жұмысын бір жүйеге реттеу мүмкін бе, ол уақыт еншісінде.

0 пікір
Мұрағат