Теңіз сорғышы да адам секілді түшкіретін болып шықты – тазаруы үшін (видео)
Теңіз сорғышы да адам секілді түшкіретін болып шықты – тазаруы үшін (видео)
2 жыл бұрын 1537 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың айтуынша, жайлап түшкірудің нәтижесінде бөлінетін шырыш босқа кетпейді - балықтың сүйікті деликатесіне айналады. Бұл арада теңіз сорғышы деп аталатын теңіз жануары турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Current Biology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Нидерланды ғалымдары теңіз сорғышының түшкіру арқылы сүзгіден өткен қалдықты түкіріп тастайтынын анықтаған. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесіне сәйкес теңіз сорғышының түшкіруі адамның түшкіруінен айтарлықтай ерекшеленеді. Процесс шамамен 30 секундқа созылады, бірақ, мәні бірдей - қажетсіз биоматериалдан құтылу. Бұл процесті таспаға тартып алған ғалымдардың айтуынша, теңіз сорғышы – теңіз сүзгісі. Олардың денесінің беткі жағын титтей түтік тесіктер басқан – одан су өтіп, ішінде бактерияларды алып қалады.

0 пікір
Мұрағат