Өрмекші де түс көретін болып шықты
Өрмекші де түс көретін болып шықты
2 жыл бұрын 2705 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Неміс ғалымдары ұйықтап жатқан секіргіш өрмекшілерден REM ұйқысының белгілерін тапты, бұл кезде адамдар түс көреді. Ол көз алмасының жылдам қозғалысымен және бұлшықет бақылауының жоғалуымен сипатталады. Бұл жайында islam.kz порталы Independent ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеуге Evarcha arcuata түрінің төлдері (балалары) қатысты - олардың әлі пигменттерді шығармайтындығына байланысты денелері мөлдір болып келеді. Сондай-ақ, бұл артроподтар, яғни, буынаяқтылар көз торының қозғалғыштығына байланысты көзқарастың фокусын басқара алады. Бұл ерекшеліктер ғалымдарға ұйықтап жатқан өрмекшілердің көзінің қозғалысын бақылауға мүмкіндік берді - барлық мезеті таспаға тартып алынды. Ұйқы кезінде буынаяқтылардың аяқ-қолдары жиырылады, олардың тор қабығы да белгілі бір аралықта қозғалатын болып шықты. Олар түн ұзарған сайын жиілеген. REM ұйқысындағы басқа жануарлар да осылай әрекет етеді. Зерттеушілер өрмекшілердің түс көру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Жылдам фазадағы көз қозғалысы түнгі көрініске, дәлірегі, түске тікелей байланысты деп пайымдап отыр.

0 пікір
Мұрағат