Құс аулайтын балық (видео)
Құс аулайтын балық (видео)
5 жыл бұрын 5809 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Құстың балық аулайтынын білесіздер, ал балықтың құс аулағанын көріп пе едіңіздер. Көрмек тұрмақ, естімеген де шығарсыздар. Ондай балықтар да бар екен. Әлбетте, акуланың құсты болсын, басқа тіршілік иелерін таңдамай, талғамай жемтікке айналдыратын жыртқыштығы таң емес шығар. Алайда, бұл арада мүлдем басқа балық турасында сөз болып отыр. Сейшел суында тіршілік ететін алып каранкс (лат. Caranx ignobilis)  корралдық экологиялық жүйедегі ең басты жыртқыш балық саналады. Оның ірілерінің ұзындығы бір жарым метрге (170 сантиметр) дейін жетеді. Ал салмағы 80 келіге дейін тартады. Ол тек құспен ғана қоректеніп қоймай, сонымен қатар, балықтарды да, шаяндарды да, т.б. аулайды. Кейбір ірілері тасбақалар мен дельфиндерді де жемтігіне айналдырады. BBC Natural History операторлары аталған балық түрінің құсты қалай аулайтынын таспаға тартып алған екен. Олардың аулау әдіс-тәсілі де зерттеушілерді былай қойып, қарапайым адамдардың өзін бей-жай қалдырмайды. Британдық тележүргізуші әрі табиғат танушы Дэвид Аттенборо аталған балықтың ақылдылығына қайран қалып: «Бұл балықтың миы құстың ұшу жылдамдығын, биіктігін әрі траекториясын қалай есептейтіні таңқалдырады»,- деп тәнті болды.

 

0 пікір
Мұрағат