NASA ниндзя-ұшақты сынақтан өткізе бастайды (видео)
NASA ниндзя-ұшақты сынақтан өткізе бастайды (видео)
5 жыл бұрын 3068 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

NASA мейлінше аз шу шығаратын, дыбыстан да жылдам жолаушыларға арналған ниндзя-ұшақты құрастыруды бұрыннан жоспарлап келген болатын. Қазіргі уақытта аталмыш жоба нақты іске асырылып жатыр. Таяуда NASA болашақ ұшақты үрлеп сынап көргенін таспаға тартып, видеосын жария етті. Сынақ NASA-ның зерттеу орталығындағы арнайы аэродинамикалық құбырда өтті. Мұндай сынақтар аталған ұшақтың түрлі ауа ағынында қалай басқарылатынын түсіну үшін, яғни, аэродинамикалық сапасын тексеріп көру үшін қажет. Сынақ нәтижесіне қарап, кем-кетігі толтырылып, түзетулер енгізіледі. Бұдан бөлек, қазан айының бас кезінде F-18 жойғыш ұшағына да бірнеше сынақ жүргізіледі. Аталған ұшақ жердегі адамдарға дыбыс толқынын барынша кемітуге мүмкіндік беретін дыбыстан да тез жылдамдықта ұшу кезіндегі арнайы маневрді орындайтын болады. Quiet Supersonic Flights 2018 (дыбыстан да жылдам тыныш ұшу) деп аталатын бағдарлама арқылы мамандар өз кезегінде «дыбыстан да жылдамдықта пайда болатын қатты дыбысты» азайту жолын іздестіруге мүмкіндік бермек. Барлық тәжірибе сағатына 1500 шақырымға дейін ұша алатын жолаушылар лайнерін құрастыру үшін пайдаланылады. X-59 ұшағы Нью-Йорк мегаполисінен Лоднон қаласына дейін 3 сағаттың ішінде жеткізе алатын болады. Ұшу кезіндегі жылдамдықты арттыру мен қону кезіндегі тежеу уақытын қоса есептегенде. Аталмыш лайнердің алғашқы сынағы 2021 жылға белгіленіп отыр.

0 пікір
Мұрағат