Қуаныштан жылайтын жануар белгілі болды
Қуаныштан жылайтын жануар белгілі болды
2 жыл бұрын 1621 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осы уақытқа дейін қуаныштан немесе қайғыдан тек адамдар ғана жылайда деп есептеліп келген болатын. Соңғы зерттеу жануарлардың да аталған эмциядан көз жасына ерік беретіні анықталып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зеттеу материалы жарияланған Current Biology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы тәжірибе жүргізген жапон ғалымдары иттердің де адам секілді қуаныштан жылайтынын анықтады. Ұзақ уақыт көрмей қожайынымен қауышқан иттердің қуанышын тек үріп немесе құйрығын бұлғаңдатып білдіріп қоймай, көз жасына ерік беру арқылы да білдіретінін алға тартады. 18 иттің иелерімен ұзақ уақыт көрінбей кеткен иелерін көргенде көз жасының көлемінің 10%-ға (қалыпты ылғалдылықпен салыстырғанда) артқанын анықтаған. Көз жасының мөлшері 60 секунд бойы иттің көзіне сіңіргіш қағазды қойып, ылғалдың қаншалықты енгенін жазу арқылы өлшеп көрген. Ғалымдар иттердің тек қуаныштан жылайтынын алға тартып отыр. «Махаббат гормоны» окситоцині бар ерітінді (сенім, эмпатия және қарым-қатынас сияқты сезімдермен де байланысты) басқа экспериментте 22 иттің көзіне тікелей қосылғанда, зерттеушілер иттің көз жасының мөлшері артқанын анықтады.

0 пікір
Мұрағат