Әлемде алғаш рет жарнамада шетелдіктерді пайдалануға тыйым салынды
Әлемде алғаш рет жарнамада шетелдіктерді пайдалануға тыйым салынды
2 жыл бұрын 874 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Нигерияда қазан айынан бастап жарнама түсіргенде шетелдік тұлғаларды пайдалануға салынған тыйым күшіне енеді. Бұл жайында islam.kz порталы The Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырп мәлім етеді. Ол ол ма, жарнама роликтерінде шетелдіктердің дыбыстауына да тыйым салынған. Осылайша мұндай ереже қабылдаған алғашқы ел пайда болды. Нигерия билігі мұндай өзгеше шешімді «жергілікті таланттарды дамыту» үшін қабылдағанын жеткізді. Жаңа ереже талаптарына сәйкес енді осы елде жұмыс істейтін компаниялар жарнамада қолданылатын шет елден келген әрбір модель үшін 100 000 наира (шамамен 240 доллар) тариф төлеуге міндетті. Бұрын британдық акценті бар ашық түсті модельдер жарнамада ең көп сұранысқа ие болды, енді бұған жол берілмейді. Нигерияның жарнама агенттіктері қауымдастығының жетекшісі Стив Бабаеко мұндай қадамның ұлт мүддесімен үйлесетінін алға тартып отыр. Оның айтуынша, осыдан 10-20 жыл бұрын жарнама роликтерінің жартысына жуығында шетелдік тұлғалар болатын. «200 млн-ға тарта халқы бар елде жарнамаға түсетін модел табылмауы мүмкін емес» деп қорытты ол сөзін.

0 пікір
Мұрағат