Қасқырдың экожүйедегі маңызы
Қасқырдың экожүйедегі маңызы
3 жыл бұрын 5396 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда жүргізілген зерттеу нәтижесінен қасқырлардың экологиялық жүйені қалай өзгертетіп, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға қалай үлес қосатыны белгілі болды. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі аталмыш тақырыпта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі жарияланған Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, түз тағысы суырды аулау арқылы батпақты аумақтың көбеюіне тосқауыл қояды. Яғни, суырлардың шектен тыс көбюіне жол бермейді. Әлбетте, суыр қоршаған орта үшін маңызы зор жануар. Алайда, олардың санын шектейтін қасқырлардың да суырдан маңызы кем емес. Экологиялық жүйе үшін. Суырлар тұрғызған бөгесіндер судың ағысын тежейді, тасқы мен селдің алдын алады, су тұнып, тазара түседі. Суырдың қас жауларының бірі – қасқыр. 2015 жылы Voyageurs Wolf жобасына қатысушы ғалымдар байқағандай, дамба тұрғызып үлгермеген суырлардың көзін жою арқылы батпақты аймақтың таралуына және суырлар тұрғызған бөгесіннің кесірінен су жетпегеннен құрғақшылық жайлайтын аудандардың ұлғаюына жол бермеген. Батпақты аумақ ауыл шаруашылығын жүргізуге жерді жарамсыз етіп қоймай, сонымен қатар, маса мен түрлі жәндік арқылы ауру таратады. Science Advances мерзімді басылымында жарияланған мақалада сипатталғандай, бір қасқыр жылына 4,5 суырды өлтіреді екен. Датчик бекітілген қарғыбау тағылған қасқырларды бақылау арқылы АҚШ-тың Миннесот аумағындағы Вояджерс ұлттық бағында қасқырлардың жылына суырлардың 88 бөгесінін тұрғызу әрекетінің алдын алғанына көз жеткізген. Жуырда Колорадо штатының тұрғындары осыдан шамамен 80 жыл бұрын жойылған қасқырлардың қайтып оралуын жақтап дауыс берген еді.

0 пікір
Мұрағат