Кейбір қанат бар - тек ұшуға ғана жаратылмаған... (видео)
Кейбір қанат бар - тек ұшуға ғана жаратылмаған... (видео)
3 ай бұрын 423 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар анықтағандай, абайлап ұстамасаң, тозаңға айналатын өте нәзік көбелек қанаты өз алдына бөлек әлем болып шықты; күрделі құрылымы мен таудай функциясы бар. Көбелек қанатының дұрыс жұмыс істеуі температураның белгілі бір диапозонына тәуелді. Ең қызығы, көздің жауын алатын осынау жәндік сыртқы жағдайларға қарай мінез-құлқымен де, құрылымдық өзгешелігімен де бейімделе отырып, қанатының температурасын өзі реттей алады. Көбелек қанаты айрықша температура аралығында ғана жұмыс істейтін тірі жасушаларды қамтиды. Қанатының жылу сыйымдылығынан күн сәулесі бүкіл денесіне тарап жылып сала береді, ал күн суытса, керісінше тез тоңазиды. Белгілі болғандай, қанат өз кезегінде көбелектерге күн сәулесінің қаншалықты қуатты әрі қайда бағытталғанын дәл анықтауға көмектеседі. Бұл арада көбелек көзінің көру қабілетін мүлдем пайдаланбайды. Ғалымдар бұл бағытта арнайы тәжірибе жүргізіп көрген екен: олар көбелек қанатының қабыршықтары астынан табылған нейрондарды бояп, өзінше «датчиктер» желісін байқаған. Аталмыш зерттеуден түйген тұжырымдардың бірі – көбелектің қанаты тек ұшуға арналған инертті мембрана ғана емес, сонымен қатар, қоршаған ортамен және ұяластарымен өзара әрекетке барудың аса сезімтал әрі мейлінше икемді, яғни, қолайлы құралы болып табылады. Сондай-ақ, көбелектің қанаты қатты қызып кетуден сақтай алатын қабілеті бар. Күн ысығында, дәлірегі, ауа температурасы шамамен 40 градусқа дейін ысығанда көбелек қанатын жиып, денесін барынша ыстықтан қорғайтын позада ұстайды. Бұл жайында gismeteo.ru ақпарат көзі хабар таратты. 

 

0 пікір
Мұрағат