Жануарлар әлемі: Көшe кeзгeн жолбарыс (ВИДЕО)
Жануарлар әлемі: Көшe кeзгeн жолбарыс (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 3795

Ғаламторда Катар астанасы – Доха қаласының көшесінде қарғыбауы бар жолбарыстың еркін жүргенін көрсететін видео пайда болды. Ол қожайынынан қашып шыққан болуы мүмкін немесе көз жазып қалған. Сөз реті келгенде айта кету керек, кейінгі кезде араб дәулеттілері бір-бірімен бәсекелесіп, арыстан, жолбарыс, гепард секілді жыртқыштарды асырап алуды сәнге айналдырған болатын. Соған орай олардың үстінен шағым айтушылардың да қарасы артқан.

Бразилия жағалауына құтқарушысын көру үшін ғана келетін пингвин

Бразилияда пингвин өміріне араша түскен адамды көру үшін жыл сайын 8 мың шақырым жолды артқа тастайды. Британдық Daily Mail-дің хабарлауынша, бұл пингвин құтқарушысымен уақыт өткізу үшін жыл сайын мыңдаған километрді жүзіп келеді. 5 жыл бұрын бразилиялық зейнеткер қорғансыз жануарды жағажайдан тауып алған. Қауырсындарын май басқан құс аштықтан өлудің аз-ақ алдында еді. Бразилиялық атай оған Диндим деген ат қойып, оны күтіп-баптап, 1 апта өткен соң теңізге қайта жіберген. Алайда ол оны қайта көремін деп ойламаған болуы керек. Араға бірнеше ай сала, әлгі пингвин дәл сол жағалауға жүзіп келіп, құтқарушысын танып, үйіне «қонаққа» да барған. Содан бері Диндим Аргентина мен Чили жағалауына тек 4 айға – көбею маусымына ғана барады, ал қалған 8 айын ол адаммен бірге өткізетін көрінеді.  

0 пікір
Мұрағат