Жәндікпен қоректенетін амфибияны азық ететін жалғыз жәндік түрі (фото+видео)
Жәндікпен қоректенетін амфибияны азық ететін жалғыз жәндік түрі (фото+видео)
4 жыл бұрын 3305 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Табиғатта эпомис деп аталатын қоңыз түрі бар. Эпомис — табиғаттың қатаң ережесін «бермесін тартып алатындай» етіп өз қалауына қарай өзгерте алған жыртқыш жәндік. Әдетте бақа секілді афмибия жәндіктермен қоректенеді ғой, ал біз сөз етіп отырған қоңыз амфибияны азық ететін жалғыз жәндік түрі. Бұл жәндік екі түрде болады: личинкасы және ересегі. Қоңыз сымбатты дене пішіні де ебедейсіз емес, сирағы да ұзын, оның үстіне, металдан құйғандай жылтырап, анық та қанық көк немесе жасыл-сары түсті келеді. Дене тұрқының ұзындығы – 15-22 мм, соған қарамастан өзінен 2-3 есе үлкен бақаны  тұзағына түсіре алатындай қауқарлы. Эпомис жемтігін жапырақты, бұтақты, т.б. тасасында тұрып аңдиды. Дәлірегі, оңтайлы сәтін күтеді. Жанынан бақа секіріп өткен кезде қалқадан шығып, қыр соңына түсіп, ізінен ереді. Бақаның жылдамдығына ілесуге ұзын аяқтары көмекке келеді. Эпомистің шықшыты мен жағы – аса қуатты қару. Бақаға найзадай шаншылады да оның жүйкесін жансыздандыруға тырысады, осылайша оның қозғалуына мүмкіндік бермейді. Осы себепті, эпомистер әдетте бақаның артқы аяғына жабысады, бақа секірмесі үшін. Эпомистік шықшыты мен жағы тек қуатты қару ғана емес, сонымен қатар, ас үй пышағы деп атаса да болады – бақаның етін жұлмалап боршалап тастайды. Эпомистер әдетте жемтігін жалғыз аулайды, алайда, жанына ұяласы қосылса, жемтікке таласып өзара қырқыспайды, керісінше күш біріктіріп, бақаға жабылады. Қоңыздар бақаны толық мүжиді. Бір қырым ет қалдырмайды. Аштықтан болатын стрестің бетін қайтарып, алаңсыз ұрпақ өрбітудің қамына кіріседі. Олардың шағылысу инстинктісінің өзге сүтқоректілерден еш айырмашылығы жоқ.

Видео: Эпомис — жук, ведущий охоту на лягушек

0 пікір
Мұрағат