Әлемде түйе емдейтін алғашқы аурухана ашылды
Әлемде түйе емдейтін алғашқы аурухана ашылды
6 жыл бұрын 3297 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дубай қаласында әлем бойынша тұңғыш рет түйе емдейтін Dubai Camel Hospital аурухана ашылды. Аталмыш аурухана бір мезгілде 20 түйені емдейді. Соңғы құралдармен жабдықталған медицина мекемесінің құрылысына 40 млн дирхам, яғни, 11 млн доллар қаржы жұмсалған. Сөз орайы келгенде айта кетейік, түйе – Біріккен Араб Әмірлігінің бір символы. Яғни, араб мәдениетінің ажырамас бөлігі. Бұл елде төрт түліктің төресі – түйенің құны бәссаудада бірнеше миллион долларға шарықтайды. «Шөл кемесі» атанған әрі қасиетті Құранда аталған маңғаз жануарға жасалатын аталған ауруханадағы отасы 1000 долларды құрайды, ал рентгенге түсірсеңіз қалтаңыздан 110 доларды санап бересіз. Аталмыш аурухана бұдан бөлек түрлі зерттеулермен шұғылданатын болады.

0 пікір
Мұрағат