Адамзат 44 жыл ішінде жануарлардың 60 пайызын жойып жіберген
Адамзат 44 жыл ішінде жануарлардың 60 пайызын жойып жіберген
5 жыл бұрын 3853 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

1970-2014 жылдар аралығында адамзаттың кесірінен жер бетіндегі жануарлардың 60 пайызы жойылып кеткен. Олардың ішінде сүтқоректілер де, балық түрлері, т.б. бар. Бұл жайында Бүкіл әлемдік жабайы табиғатты қорғау ұйымы (WWF) мен Лондон зоология қауымдастығы жариялаған баяндамада айтылған. Ғалымдар мұндай тұжырымға келмес бұрын 4 мыңна аса жануар түрлерін қадағалаған. Ауыл шаруашылығының дамуы мен жер қойнауындағы қазба байлықты кеңінен пайдалану өз кезегінде экологиялық жүйеге орасан зор нұқсан келтірген. Ғалымдар осыған байланысты дабыл қағып, әлем қауымдастығын қоршаған орта мен табиғатты аялауға, қорғауға шақырып отыр. Ғалымдардың есебінше, түрлердің әр алуандығын әрі санын қалпына келтіру үшін кем дегенде 5 млн немесе 7 млн жыл керек. 

0 пікір
Мұрағат