Жаңа бояу көліктегі сызат түскен жерді күн астында жарты сағатта қалпына келтіреді
Жаңа бояу көліктегі сызат түскен жерді күн астында жарты сағатта қалпына келтіреді
29 күн бұрын 445 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Көлігіңізге сызат түссе, оны жөндеу ақысы қымбатқа түседі. Осыны ескерген оңтүстік кореялық ғалымдар осы олқылықты жоятын, ақшаны үнемдеуге мүмкіндік беретін арзан тәсіл ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы ACS Applied Polymer Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Корейлердің химиялық технология институтының ғалымдары сызат түскен көлікті табиғи ортада жылдам, өздігінен қалпына келтіретін материал ойлап тапты. Аталмыш материал акрилді (синтетикалық материалдар мен полимерлер тобы), көп атомды спиртке негізделген, оның молекулалары бір-бірімен бұғатталғкарбамид (химиялық қосынды) байланыстары (Hindered Urea Bonds) арқылы қосылған. Бұл коваленттік байланыстың жоғары деңгейдегі нұсқасы, қайталанатын қайтымды (орнына келуге), бөлшектенуге қабілетті және тиісті ынталандырудың әсерінен қалпына келтіріледі. Бұл жағдайда ынталандырушы ретінде органикалық фототермиялық бояуды полимер құрылымына енгізу арқылы пайда болатын жылу түрінде алға шығады. Ол инфрақызыл сәулені ұстап, жылуды босатады, бұл материалға бұзылған HUD қосылымдарын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Жаңа материалмен жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, полимер мен бояу комбинациясы (қосындысы) арқасында ондағы сызаттар күндізгі күн сәулесінің әсерінен жарты сағат ішінде қалпына келеді. Егер бұл жарты сағаттың өзі тым ұзақ болып көрінсе, сіз радиацияны шоғырландыру үшін түрлі құралдарын пайдалана аласыз, мәселен, кәдімгі үлкейткіш әйнек көмегімен 30 секундта сызатты кетіре аласыз. Бұдан бөлек, полимерлі материал мөлдір болғандықтан оны көлік бояуының үстінен жаға беруге болады. Корей ғалымдары атталмыш материалды тек автокөлік өнеркәсібінде ғана емес, сонымен қатар, сызат түсу қаупі бар көптеген басқа құрылғыларда, соның ішінде смартфонда да қолдануға болатынын алға тартып отыр.

©KRICT

0 пікір
Мұрағат