Фазалық бетон жолдағы қарды тұзсыз және химикатсыз ерітеді
Фазалық бетон жолдағы қарды тұзсыз және химикатсыз ерітеді
29 күн бұрын 339 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пенсилваниядағы Дрексел университетінің ғалымдары өзгеше материалды - өздігінен қызатын фазалық бетонды пайдалану бойынша екі жылдық тәжірибенің қорытындысын шығарды. Осы уақыт аралығында ұзақтықтағы әрқалай 32 аязды кезең мен еру кезеңі болды және бірнеше рет қалың қар жауды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жол бетонына фазалық өзгерістерге ие материалды, атап айтқанда, парафинді қосу арқылы қыс мезгіліндегі қолайсыздықты еңсеруге болады. Айрықша материал сұйық күйден қатты күйге және керісінше өзгерген кезде көп мөлшерде энергия бөледі. Осылайша, егер аймақта аяз сирек болса және температураның тәуліктік ауытқуының амплитудасы жоғары болса, материал үнемі жылу шығарады. Бұл жылу табиғи түрде жауған қардың еруіне көмектеседі және жолда мұздың пайда болуына жол бермейді. Бұл бағыттағы тәжірибе үшін 76х76 см өлшемді үш тақтаның екеуіне парафин қосылды. Біріншісінде сұйық материал ерітіндіге құйылды, екіншісінде бетон толтырғышқа парафинді түйіршіктер қосылды. Ауа температурасы Целсия бойынша 0℃-ден бірнеше градусқа дейін салқындаған кезде фазалық бетон осы белгіден жоғары температураны 10 сағатқа дейін сақтайтыны анықталды. Бұл уақыт аралығы бірнеше сантиметр қалың қарды сағатына 1 см жылдамдықпен еріту үшін жеткілікті.

0 пікір
Мұрағат