Жалғыздықтың ең басты қатері анықталды
Жалғыздықтың ең басты қатері анықталды
7 жыл бұрын 3929 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жалғыздық пен қоғамнан оқшаулану семіздік індетіне қарағанда әлдеқауда қауіпті болып шықты. Ғалымдардың тұжырымы осындай. Сөз реті келгенде айта кету керек, жалғыздық семіздік індеті секілді кейін пайда болған, дәлірегі, бұқаралық сипат алған осы заманғы әлеуметтік дерттердің қатарына жатады. Бұл жайында АҚШ-тағы Бригама Янга университетінің психологтары мәлім етті. Адамдардың өзара қарым-қатынасы адамның негізгі қажеттіліктеріне жатады, тарқатып айтқанда, өмір сүруіне, әл-ауқатын арттыруына септігін тигізетін әлеуметтік фактор. "Адамдармен байланысы үзілген, кастиодалды күтімдегі балалар көктей солады. Әлеуметтен оқшаулау жазалау түрі ретінде қолданылатынын да айта кетпеске болмайды",- деді аталмыш жоғарғы оқу орнының психология профессоры Джулианна Холт-Лунстад. Мамандар осы бағатта арнайы зерттеу жүргізіп те көрген екен. Нәтижесі қорқынышты. Алғашқы кезеңде 300 000 адам өз еркімен тәжірибеге қатысқан екен. Әлеуметтік байланыс ерте өлу қатерінің алдын алатыны анықталды. Дәлірегі, ерте дүние салу қатерін тұп-тура 50%-ға кемітетін көрінеді. Ал екінші кезеңде 3,4 млн адам өз еркімен қатысқан тәжірибеден байқалғандай, адамның жалғыздықтан жүрек-қан тамырлары аурулары, семіздік, сусамыр, т.б факторларға қарағанда ерте өлу қатері жоғары болып шыққан. 

0 пікір
Мұрағат