Жаһандану туралы екі қате түсінік
Жаһандану туралы екі қате түсінік
7 жыл бұрын 7762 naryk.kz

Астана экономимкалық форумында “Жаһанданудың беймәлім болашағы” атты панельдік сессияда 2007-2012 жылдар аралығындағы Францияның премьер-министрі Франсуа Фийон халықтың “жаһандану” туралы түсінігі қате екенін айтты. 

Жаһандану туралы түсінік әлем бойынша әлі күнге дұрыс түсінілмей отыр. Көпшілік, әсіресе дамушы елдердің азаматтары жаһандануды батыстың, соның ішінде АҚШ-тың ықпал ету мүмкіндігі деп түсініп, жаһандану АҚШ экономикасы үшін ғана пайдалы деп ойлайды, деп жазады abcv.kz.

Әлемдік дағдарыс кезінде жаһандану үрдістері бәсеңдейтіні түсінікті. Оған бола мемлекеттердің қайта тұйықталып қалуы жөн емес. Тарихқа қарайтын болсақ, батыстағы индустриялық дағдарыс кезінде де, одан кейін 2007-2008 жылдардағы АҚШ-тың қаржылық дағдарысы кезінде де жаһандану деңгейі төмендеді. Ал қазір террорлық қатердің күшейген уақытында Трамп әкімшілігі мен Британия интеграциядан бас тартып жатыр. Қазіргі араб әлеміндегі келіспеушілік дүниежүзілік саудаға кедергісін келтіруде. Яғни, саясат экономикаға зиянын тигізуде.

Бұл келеңсіздіктерді шешу үшін ең алдымен әлемде доллардың ықпалын азайтып, есесіне еуроның маңызын арттыру керек. Еуро халықаралық келісімдер бойынша жұмыс істейтін валюта, доллар секілді бір ғана елдің саясатына байланысты емес. Әрине, оған жету оңай емес, бірақ Еуропа осы бағыттағы жұмыстарынан бас тартпағаны жөн.

Сонымен қатар, жаһандану туралы тағы бір қате түсінік – «батыстың өркениетін өзгелерге тықпалау». Негізінде жаһандану дегеніміз керісінше, әр алуандылықты арттыру. Телефонды жалғыз Самсунг компаниясы шығармайды, жалғыз тамақ – МакДональдс емес. Шекараны аша отырып, кәсіпкерлер бір мемлекеттен бір мемлекетке ұласуға тиіс.

0 пікір
Мұрағат