Ғалымдар Сахараны жасыл алқапқа айналдыратын болды
Ғалымдар Сахараны жасыл алқапқа айналдыратын болды
6 жыл бұрын 3729 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Климатты моделдеу тәжірибесі көрсетіп бергендей, әлемдегі ең үлкен шөлді күн әне желден қуат алатын электр стансаларымен жабатын болса, Сахараға жауын-шашын жеткілікті түсіп, қайта жасыл алқапқа айналмақ. Ғалымдар осындай тоқтамға келіп отыр.

Осыдан он мыңдаған жыл бұрын Сахара құнарлы да шұрайлы алқап болатын. Бұған аталған шөл аумағындағы қаңырап қалған үңгірлерде адам тұрғандығын айғақтайтын заттар мен тұрмыстық бұйымдар куә. Болашақта да осынау ұшы-қиыры жоқ ұлан-ғайыр шөлді жасыл желекке көмкерілген алқапқа айналуы тиіс. Егер аталған аумақта жел мен күннен қуат өндіретін электр стансалары салынатын болса, келешекте тек Таяу Шығыс аймағын ғана емес, сонымен қатар, күллі Еуропаны энергиямен қамтамасыз ететін болады. Бұдан бөлек, Сахара шөлі құнарлы алқапқа айналады. Science мерзімді басылымында аргентиканалық метеоролог Евгения Калнай (Eugenia Kalnay) Сахара климатын моделдеу нәтижесінің адаимзат үшін қаншалықты пайдалы екенін алға тартыпты. Нақтырақ айтқанда, он млн шақырымнан асатын шөлді күн және жел стансаларымен жабдықтаса, осынау мегажобадан қазіргі таңда күллі адамзат тұтынып отырған мөлшерден төрт есе көп энергияға қол жеткізбек. Бұған қоса, жауын-шашын орташа есеппен алғанда екі есе көп жауады.

 Ð ÐµÐ·ÑлÑÑаÑÑ Ð¼Ð¾Ð´ÐµÐ»Ð¸ÑованиÑ: повÑÑение ÑÑÐ¾Ð²Ð½Ñ Ð¾Ñадков Ð¼Ð¾Ð¶ÐµÑ Ð±ÑÑÑ Ð¾Ñобенно знаÑиÑелÑнÑм на Ñге СаÑаÑÑ / ©Li et al., 2018

0 пікір
Мұрағат