Енді бір 30 жылдан соң адамзаттың 70%-ы қалалық жерде тұрады
Енді бір 30 жылдан соң адамзаттың 70%-ы қалалық жерде тұрады
5 жыл бұрын 2089 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2050 жылға қарай адамзаттың шамамен 70%-ы қалалық жерде тұратын болады. Бұл жайында Біріккен Араб Әмірлігіндегі Халиф ғылыми-технологиялық университетінің зерттеу және әзірлеу жөніндегі бас вице-президенті Стивен Гриффитс мәлімдеді. Ғалымның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда адамзаттың жартысынан астамы қалалық жерде өмір сүріп жатыр. Әлемде өндірілетін энергияның үштен екісін қалалар тұтынады. Осыған байланысты қалалық жерлерден атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газдың мөлшері 70%-дан асып кеткен. 2012 жылы қалалар жылына 1,3 млрд тонна қатты қалдық пен қоқысты шығарса, бұл көрсеткіш 2025 жылы 2,2 млрд тоннаға жетпек. Урбанизация процесінен ауа ластанып, ресурс тапшылығын тудыруда, кептеліс пен өзге де проблемалар "ақылды қала" жобасын өмірге әкелді. "Ақылды қала" технологиясы инфрақұрылымның барлық аспектісін қамтитын болады. McKinsey институтының "Ақылды қалалар: болашақ үшін цифрлы шешімдер" деп аталатын баяндамасында "ақылды қаланың" артықшылықтарына тоқталған: қалалық жерлердегі өлім-жітімді 8-10%-ға азайтуға, төтенше жағдайда жедел жауап қату жылдамдығын 20-35%-ға арттыруға, жұмысқа барып-келу уақытын 15-20% үнемдеуге, аурулар санын 8-15%-ға кемітуге, парникті газдың бөлінуін 10-15%-ға төмендетуге мүмкіндік бермек. 

0 пікір
Мұрағат