Доллар "шаңсорғышы" тетігі іске қосылатын болды
Доллар "шаңсорғышы" тетігі іске қосылатын болды
7 жыл бұрын 2813 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың қаржы министрлігі "доллар шаңсорғышы" деп аталып кеткен тетікті іске қосатын болды. Тарқатып айтқанда, айналымнан бас айналдырар сомадағы долларды алып, осылайша кейінгі кезде бағамы күрт құлдырай бастаған америкалық валютаның бағасын көтермек. АҚШ-тың қазынаға жауапты мекемесі қазан айынан желтоқсан айына дейінгі аралықта 501 млрд долларға облигация шығаруды жоспарлап отыр. Мұндай үлкен сомада облигацияны осыдан он жыл бұрын шығарған еді, дәлірегі, дағдарыс орын алған 2009 жылғы әрекетін қайталамақ. Айналымда доллар тапшы болса, оған деген сұраныс артатын болады. АҚШ билігінің бұл монетарлық саясаты өз кезегінде өзге валюталарға қалай әсер етпек? Әлбетте, теріс ықпалын тигізеді. Долларға байланған валюталар құнсыздануы мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат