Дизайны мен өлшемін өзгерте алатын киім жасалды (видео)
Дизайны мен өлшемін өзгерте алатын киім жасалды (видео)
2 ай бұрын 444 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Массачусет технологиялық институтының (MIT) ғалымдары инновациялық 4D Knit Dress тоқыма көйлегін жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы news.mit.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Айрықша көйлек арнайы фигуралар мен стил (немесе сән үлгісін) қалыптастыру үшін көптеген технологияларды пайдаланады. Технология негізінде термиялық тұрғыдан, яғни, жылумен белсендірілген иірілген жіп, компьютерлік тоқу және киім қонымды болуы үшін оның әр пұшпағы роботтандырылған белсендіру режимі жатыр. Қыздырған кезде пішіні мен қасиеттерін өзгерте алатын динамикалық тоқыма бұйымдарымен жұмыс істейтін тоқыма машинасы көйлектің негізін қалыптастырады. Тапсырыс берушінің өлшемі мен талғамына сәйкес келтіру қажет болғанда арнайы манипулятор жылыту пистолетін пайдаланады: ол киімнің қажет жерін қыздырады, матаның кей тұсы жиырылып, тапсырыс берушіге қолайлы пішінге келтіріледі. Мұндай инновациялық киімнің басты артықшылығы – киім үлгісі жалықтырғанда, киім тар болып қалған немесе қолпылдап кең болып қалғанда, қалауыңызға қарай өзгерте аласыз.

0 пікір
Мұрағат