Денесі қанға емес, суға толған нәресте дүниеге келді
Денесі қанға емес, суға толған нәресте дүниеге келді
8 жыл бұрын 5669 stan.kz

Денесінде небәрі екі ас қасық қаны бар бала дүниеге келді. Оның аман қалуы екіталай болса да дәрігерлер денесінің 80 пайызы судан тұратын нәрестенің өмірін сақтап қалды.

Фрэнки Моррисонның денесінен бар-жоғы 35 мл қан табылған. Бұл әдетте жаңа туған нәрестелерде болатын қан көрсеткішінен 7 есеге аз. Оның денесінің қалған бөлігін су алып тұрыпты. Бұл туралы шетелдік Metro басылымы хабарлады.

Дүниеге келерінен бірнеше күн бұрын қанның жетіспеушілігінен ана құрсағында болған сәби қимылсыз қалған. Оның өмірі үшін қауіптенген дәрігерлер сәбидің 32 жастағы анасы Мария Сандерске ота жасап, баланы алуды жөн көріпті. Медицина қызметкерлері Мария мен оның серігі Крис Моррисонға қайғылы жағдайдың болып қалуы мүмкін екендігін ескерткен. Десе де, ештеңеге қарамастан, бала аман қалып, бейсенбінің күнінде алғашқы туған күнін тойлады.

ad_222868115

«Операциядан кейін есімді жиған кезде айналамдағы адамдардың бәрі жылап тұрды. Сәбиімнен айырылып қалдым деп ойладым. Дәрігерлер сәбиімнің демалуы қиындағанын айтып, маған оны барып көруге кеңес берді. Тіпті, оның өмір сүріп кетуіне үміттің аз екендігін айтты. Жарық дүниеге әкелген перзентімді көру үшін қасына жақындадым. Сол кезде топ-томпақ балақайды көрдім. Қанның орнында су көп болғандықтан та, оның денесі ісініп тұрды», – дейді Мария.

ad_222868358

Дәрігерлер ата-анасына Фрэнки аман қалған күннің өзінде өз аяғымен жүре алмайтынын айтқан. Алайда екі рет қан құйылғаннан кейін кішкентай қыздың денсаулығы жақсара түскен.

Бүгінде Фрэнкидің өз қатарластарынан жалғыз кемшілігі – иммундық жүйесінің әлсіздігі.  Мария: «Біз оны алты айлығында тексеруге алып бардық. Сонда оның жағдайының жақсарғанына сене алмаған мамандар көздеріне жас алды. Ғажап! Біз әлемдегі ең жолы болғыш адамдармыз!» – деді.

ad_222868321-e1476618153241

1 пікір
Мұрағат