Билл Гейтс өзі жеке қала салайын деп жатыр
Билл Гейтс өзі жеке қала салайын деп жатыр
6 жыл бұрын 2850 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Microsoft компаниясының негізін қалаған әлемге әйгілі Билл Гейтс осы мақсатта Аризона шөлінен ауқымды жер телімін сатып алды. Нақтырақ айтқанда, 101,2 шаршы шақырымды 80 млн долларға сатып алған. Қала жоғары технологиямен жабдықталады. Былайша айтқанда, инновациялық қала жобасында сымсыз инфрақұрылым, есептеу орталықтары, өндірістің озық үлгілері, жүргізушісіз көліктер, т.б. қарастырылған. Белмонт деп аталатын болашақ қала аумағының 15,4 шаршы шақырымында кеңселер мен сауда орталықтары тұрғызылады, 2 шаршы шақырымында қоғамдық мектептер мен 80 мың тұрғын үй соғылады. Айта кету керек, соңғы кезде әлемнің әр түкпірінде болашақтың қаласы деген мәртебеге ие болу мақсатында инновациялық қала салу трендке айналып келеді. Мәселен, жуырда таратқан хабарымызда Сауд Арабиясында да осындай амбициялық жоба қолға алнайын деп жатқанын айтқан едік. 

0 пікір
Мұрағат