Мұсылман мемлекетінде мұсылман еместерге де мұра қалдыруға рұқсат берді
Мұсылман мемлекетінде мұсылман еместерге де мұра қалдыруға рұқсат берді
6 жыл бұрын 2777 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті әрі премьер-министрі, Дубай қаласының әміршісі Мұхаммед бен Рашид әл Мақтұм осы елдің мұсылман емес тұрғындарына да соңғы тілектеріне қарай дүние-мүлкін өз еркімен пайдалануына мүмкіндік беретін заңға қолын қойды. Аталмыш заңда қарастырылғандай, Дубайдың мұсылман емес тұрғындары да бұдан былай ұзақ мерзімді аса ірі активтерін, соның ішінде, инвестициялық протфелдері мен мүліктерін қалаған адамына мұраға қалдыра алады немесе мұрагер бола алады. Ал мұсылман тұрғындарға бұл мәселеде  шариғат талаптары қолданылады. Аталған заңда, сондай-ақ, бенефициарлардың дүние-мүлікке ие болу, жұмсау, бөлудегі міндеттері мен  жауапкершілігі, шектеулері, ережесі енгізілген. Сонымен қатар, аппелация рәсімдері де қарастырылған. Мұрагерлік туралы хат мұраға қалдырушының елшілігінде нотариалдық тұрғыдан бекітілуі тиіс, содан соң БАӘ-нің сыртқы істер министрлігінде. 

0 пікір
Мұрағат