Автожолды өздері төсейтін әйелдер
Автожолды өздері төсейтін әйелдер
6 жыл бұрын 3410 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранда бір топ әйел бар. Автожолды өздері төсейтін. Иранның батысында орын тепкен Шеқармекал және Бақтиярия өңірінде. Кранды да, грейдерді де, жүк көлігін де, тракторды да өздері басқарады. Тек әйелдерден жасақталған жол төсеушілер қалай пайда болды? Бұған елдегі жол сапасының сын көтермейтіндігі себеп болған. Талай адамның өміріне қауіп төндірген, талай автокөліктің сынуына себеп болса керек. Бұл мәселені шешу үшін Гол-и-Сорһ ауылдық елді-мекен тұрғындары 5 шақырымға созылатын жолды өздері төседі. Шеқармекал және Бақтиярия облысының автожол департаментінің бас директоры Хұсейн Жәмшіт жол төсеуші әйелдердің өз міндетін мүлткісіз орындайтынын мақтана жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат