Ауыр менталитет... қатегіз секта... Жапонияда ең қанқұйлы теракті жасағандарға қандай жаза кесілді?
Ауыр менталитет... қатегіз секта... Жапонияда ең қанқұйлы теракті жасағандарға қандай жаза кесілді?
6 жыл бұрын 3149 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Көп ұзамай жапондық «Аум Синрикё» экстремистік сектаның көсемдері мен мүшелері, дәлірегі, 13 адам ел астанасы - Токио қаласында жазаланатын болады. Kyodo жапон ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, күншығыс елінде өлім жазасына кесілгендерге арналған жеті түрме бар. Талай адамның обалына қалған жапондық лаңкестер осы түрмелердің біріне ауыстырылып, өлім жазасы орындалады. Ең ауыр жазаның орындалуын күншығыс елінің әділет министрлігінің өзі жүзеге асырады әрі қадағалайтын болады. Естеріңізге сала кетейік, «Аум Синрикё» сектасының Сёка Асахара есімді 63 жастағы көсемі ақырзаманың таяғанын, зұлымдық пен мейірімділіктің айқасының аяқталатынын мәлімдеген болатын. 1995 жылы аталмыш секта мүшелері Токиодағы бес пойызға адамды сал қылып тастайтын химиялық затты сеуіп, нәтижесінде 6,3 мың адам уланып, 13 адам көз жұмған еді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Жапония әлемдегі, соның ішінде, дамыған елдердің ішіндегі өлім жазасы сақталған санаулы мемлекеттердің бірі.

0 пікір
Мұрағат