Арық адамдар тегін тамақтандырылады (фото)
Арық адамдар тегін тамақтандырылады (фото)
6 жыл бұрын 5425 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тегін тамақ кім ішкісі келмейді дейсің. Алаяқтыққа жол бермесі үшін қытай мейрамханасы арық адамдарды анықтаудың өзгеше тәсілін қолданады. Тарқатып айтқанда, қытайдың Цзинань қаласындағы мейрамханалардың бірінде кіреберіске қойылған тар темір арасынан өткендерге тегін ас беріледі. Аталған мейрамхана қожайыны Чжао Ланг мұндай қадамға тек клиенттерді тарту үшін, яғни, жарнама жасау үшін ғана барған жоқ, сондай-ақ, кейінгі кезде әлем бойынша кеңінен етек алып келе жатқан семіздік індетімен күресуге қосқан өз үлесім деп отыр. Аталмыш мейрамхана кіреберісінде орнатылған темірлер арасының ұзындығы әрқалай: ең қысқасы - 15 сантиметр. Оларға берілетін тағам түрлері де мол әрі түрлі болмақ. Ал 18 сантиметр тар жерден өткендеріне азырақ беріледі. Ал 25 сантиметрден өткендеріне мүлдем аз берілмек. Талап сондай. Бұл мейрамханадан тамақтанғысы келетіндер қарасы күрт артқан. Кезек пайда болған. Әлгіндей тәсілден соң. Мейрамхана қожайыны 15 сантиметр тар жерден өткендердің барлығы әйелдер екенін айтып отыр. 

 

0 пікір
Мұрағат