Әлемдік экономикаға төнген үш қатер
Әлемдік экономикаға төнген үш қатер
6 жыл бұрын 2821 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Санкт-Петербор қаласында өткен халықаралық экономикалық форумда мінберден сөз алған Халықаралық валюта қорының жетекшісі Кристин Лагардтың айтуынша, қазіргі уақытта, дәлірегі, қысқа мерзімді перспективада әлемдік экономикаға үш қатер төніп тұр. Оның мәлімдемесінде айтылған қатерлер жайында сөз қозғамас бұрын мынадай дерек келтіре кетсек деп отырмыз: Өткен, яғни, 2017 жылы әлемдік экономиканың жалпы ішкі өнімі - 3,8%, ал 2018-2019 жылдары бұл көрсеткіш 3,9%-ға өседі. Осындай мәлімет келтіре отырып, жағымсыз жаңалық барын жеткізді, дәлірегі, әлемдік экономикаға төнген үш қатердің қандай екенін тізбеледі: біріншісі - егеменді мемлекеттер мен корпорациялардың мойнындағы қарыздың мөлшері тым көбейіп кеткен. Нақты санға шаққанда - 162 трлн доллар. Яғни, әлемдік экономиканың жалпы ішкі өнімінің шамамен 220%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Ал екінші қатерге келсек, дамушы елдерден капиталдың жылыстауы артып келеді. Мұны тоқтатуға дамушы елдердің билігі қауқарсыздық танытып отыр. Бұлай жалғаса беретін болса, дамушы ел ешуақытта дамыған деңгейіне жете алмайды. Сондай-ақ, ең негізгі әрі ең қауіпті үшінші қатер сауда-саттық қатынасында қолданылатын жүйені бұзуға деген талпынаста жатыр. Бұл қатер өз кезегінде капиталдың қозғалысын, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қозғалысына шектеу қойып, әлемдік экономиканың дамуына кедергі келтіреді. 

Кристиан Лагард

0 пікір
Мұрағат