Аптап ыстық аяғы ауыр әйелдердің мезгілінен ерте босану қатерін арттыратын болып шықты
Аптап ыстық аяғы ауыр әйелдердің мезгілінен ерте босану қатерін арттыратын болып шықты
2 ай бұрын 434 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралиялық ғалымдар жаңа туған нәрестеге 1,2 миллион зерттеу жүргізіп, аптап ыстықтан жүкті  әйелдердің құрсағындағы шарананы шала туу қаупін 50-60%-ға арттыратынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әсіресе,  мезгілінен бұрын босану қатері жүктіліктің соңғы айында айтарлықтай артатын болып шықты. Мұндай қауіп көк желегі жоқ аймақта немесе күндізгі аптап ыстықтың табы түнде де қайтпайтын өңірде күшейеді. Аптап ыстық пен құрғақшылық халықтың өсу қарқынын тежейтіні де айтылды. Мұндай қатерден аяғы ауыр әйелдер өзін салқын жерде күтіп ұстауы арқылы қорғай алады. Дәлірегі, күтінген жүкті әйелге аптап ыстықтан төнетін қатер деңгейін 10-12 пайызға дейін төмендетуге болады.

0 пікір
Мұрағат