Америкалықтар Ауғанстанда маневр жасай алатын белгісіз қаруды сынақтан өткізді (видео)
Америкалықтар Ауғанстанда маневр жасай алатын белгісіз қаруды сынақтан өткізді (видео)
6 жыл бұрын 4657 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ әскерилері ауған жерінде жалпы сипаты бұрынғы және осы заманғы, белгілі зымырандарға немесе снарядтарға еш ұқсамайтын, басқарылатын қаруды сынақтан өткізді. Бұл жайында The Drive ақпарат көзі хабар таратты. Таспаға тартып алынған сынақтан байқағанымыздай, ауғандардың Фарах провинциясында ғимаратардың біріне жасырынбақ болған террористердің қалай көзі жойылған. Кадрдан көрінгендей, оқ-дәрі нысанаға қарай бағытталып, содан соң төмендеп барып, террористер жасырынғаен ғимаратқа зымырайды. The War Zone мерзімді басылымының сарапшысы Тайлер Роговтың айтуынша, америкалықтар арзан әрі компактілі дрон технологиясы пайдаланылған қаруды сынақтан сәтті өткізген. «Ауа-жер» секілді өзге де мамандандырылған оқ-дәрілер бар және олардың нысанаға өзгеше жолмен жетуі әлі күнге құпия. Сол себепті, бұл арадан көріп отырғанымыз, мүлдем тың нәрсе».- деді ол.

0 пікір
Мұрағат