Әлемдегі іш пыстырып, жалықтырып жіберетін 10 мамандық белгілі болды
Әлемдегі іш пыстырып, жалықтырып жіберетін 10 мамандық белгілі болды
7 жыл бұрын 4874

Шетелдік журналистер әлемдегі ең жалықтыратын мамандықтардың рейтингін жасап шықты.

Бұл туралы The Independent ақпарат көзі хабарлады.

Аталған басылым жүргізген зерттеуге әртүрлі кәсіп иелерінен 1000-нан астам адам қатысқан.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес құқықтану саласы ең жалықтыратын мамандықтардың көшін бастайды екен. Аталған салада қызмет атқаратын 10 адамның сегізі өз жұмыстарынан зерігіп кететіндерін айтыпты.

Рейтингтің екінші орыны менеджмен саласына бұйырса, үштікте – қолдау функциясы саласы.

Сондай-ақ, іш пыстырып, қолы алдына сыймай кететін мамандықтардың ондығына: қаржылық бақылау (68%), кеңес беру және аккаунттау (67%), қаржы сервисі және банк (67%), инженеринг (64%), сауда (61%), маркетинг және коммуникация (60%) кіреді.

Рейтингті IT-саласығ яғни ақпараттық технология мамандығы түйіндейді.

0 пікір
Мұрағат